Қазақстандық боксшы WBO International белбеуі үшін жұдырықтасады

Маргулан Жакып
24.11.2021
18:35
Новость
Единоборства

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (15-0, 8 KO) келесі кездесуінде WBO International белбеуі үшін таласады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Қазақстандық боксшының келесі айқасы 22-қаңтар күні өтеді. Оның қарсыласы ресейлік Андрей Сироткин болады. Сироткин кәсіпқой бокста 21 кездесу өткізіп, 19-да жеңіске жетіп, бір кездесуде жеңілген. Соңғы кездесуін ресейлік боксшы сәуір айының 14-де өткізіп, британиялық Данни Дигнумен тең түсті. 

Ал Нұрсұлтанов болса соңғы айқасын 6 қараша күні Ақтау қаласында өткізіп, беларусь боксшысы Дмитрий Атрақаудан айласын асырды. 

Айта кетейік, бұл бокс кешінің андеркартында әуесқойлар арасындағы әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетов те шаршы алаға шығады. Сонымен қатар жарақатына байланысты бірнеше жыл өнер көрсетпеген Бекман Сойлыбаев та жекпе-жек өткізеді. 

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!