Қазақстандық боксшы Токио Олимпиадасының ширек финалына шықты

Маргулан Жакып
31.07.2021
15:01
Новость
Единоборства

Токио Олимпиадасында бокстан ел намысын қорғап жатқан боксшылардың бірі Сәкен Бибосынов франциялық былғары қолға шеберін жеңіп, ширек финалға шықты.

52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Бибосынов франциялық Билал Беннамамен жұдырықтасып, 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Отандасымыз ширек финалда болгариялық Даниэль Асенов пен испаниялық Габриэль Эскобар Маскунано жұбының жеңімпазымен күш сынасады.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Серік Теміржанов, Бекзат Нұрдәулетов, Василий Левит және Надежда Рябец сынды боксшыларымыз жарыс жолынан шығып қалған еді.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!