Қазақстандық боксшы титулдық жекпе-жекте нокаутпен жеңіске жетіп, WBA белбеуіне ие болды

Маргулан Жакып
12.09.2021
17:08
Новость
Единоборства

Қазақстандық боксшы Евгений Павлов (4-0, 3 КО) елордада өтіп жатқан «Көшпенділер шайқасы 2» турниріндегі титулдық жекпе-жекте нокаутпен жеңіске жетті.

Павлов ганалық Исаак Сакеймен (25-1-1, 20 КО) жұдырықтасып, үшінші раундта нокдаунға түсіріп, төртінші раундта ганалықты сұлатып, нокаутпен тізе бүктірді. 

Осылайша Павлов кәсіби бокстағы бесінші жеңісіне қол жеткізіп, WBA International өңірлік белбеуіне ие болды.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін қазақстандық Данила Семенов намибиялық Викапито Маррероны төрешілердің шешімімен жеңген еді.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Теги:
Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!