Қазақстандық бапкердің командасы Литва чемпионы атанды

Ернар Ламкадыров
25.11.2021
11:19
Новость
Футбол

Литвалық «Жальгирис» 19-турдың кейінге қалдырылған ойынында өз алаңында «Паневежисті» 2:0 есебімен ұтты.

«Жальгирис» (Вильнюс, Литва) - «Паневежис» (Литва) - 2:0

Голдар: Уго Видемон 86, Якуб Сильвестр 90+2

«Жальгирис» Литва чемпионатының аяқталуына бір тур қалғанда «Паневежисті» жеңгенінің арқасында екінші орыннан 6 ұпайға ұзап шығып, чемпиондық атаққа ие болды.

Қазақстандық маман Владимир Чебурин мансабындағы үшінші чемпиондығына қол жеткізді. Бұған дейін ол «Судувамен» бірге екі рет Литва чемпионы атанған еді (2017, 2018 ж.).

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!