Қазақстандық бапкердің еуропалық командасы сырт алаңда сенімді жеңіске жетті

Маргулан Жакып
05/05/2021
13:24
Новость
Футбол

Литва чемпионатының 12-турында «Жальгирис» сырт алаңда «Невежис» қақпасына жауапсыз үш гол соғып, сенімді жеңіске жетті.

«Жальгиристі» қазақстандық маман Владимир Чебурин баптайтынын да айта кеткен жөн. 

«Невежис» – «Жальгирис» – 0:3 (0:2)

Голдар: Кьерме (7), Тадич (31 – пенальтиден), Киш (81)

Осылайша үш ұпайға қол жеткізген Владимир Чебуриннің командасы 21 ұпаймен төртінші сатыда келеді. Ал «Невежис» үш ұпаймен соңғы, оныншы орынға жайғасқан.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.