Қазақстан жасөспірімдер құрамасының экс-футболшысы сотталды

Ернар Ламкадыров
26.11.2021
12:18
Новость
Футбол

«Жетісу» клубы мен Қазақстар жасөспірімдер (U17) құрамасының бұрынғы ойыншысы Рамир Хасановқа қатысты сот үкімі шықты.

25 қарашада Мәскеуде сот қазақстандық блогерлер Рамир Хасанов, Айдын Түсіпов және Ерсін Дүмшебайды таксиді айдап әкетуге қатысты пранк жасағаны үшін бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

2021 жылғы наурызда жастар «Москва-Сити» сауда орталығына премиум такси шақырған. Құны 3,5 миллион рубльден асатын көлік тапсырыс берілген орынға келген. Жүргізуші олардың өтініші бойынша сөмкелерді жүксалғышқа салып жатқанда, айыпталушылардың бірі жолаушы орындығына отырған, екіншісі көлік тізгініне отырып, кетіп қалған.

Үшіншісі кетіп бара жатқан шетелдік көлікті және көлік иесінің реакциясын түсіріп алған. Бірнеше минуттан кейін күдіктілер қайтып келіп, жүргізушіге осылайша пранк жасағанын түсіндірген. Сол күні қазақстандықтар ұсталып, тәртіп сақшылары қылмыстық іс қозғады.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!