Қазақстан құрамасының ойыншысы ресейлік клубқа ауысты

Наурызбай Сатжанов
18.07.2021
18:51
Новость
Трансферы

Футзалдан Қазақстан құрама командасының ойыншысы Владислав Черномордов липецкілік ЛКС шағын-футбол клубының сапын толықтырды, деп хабарлайды Sports.kz, ресейлік клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Владислав Черномордов 1995 жылы 17 шілдеде Қазақстанда туылған. Қарағанды футбол мектебінің түлегі 2014-2018 жылдар аралығында «Астана-Тұлпар» командасында ойнады. 

2018 жылы Алматыда өткен студенттер арасындағы әлем чемпионатында күміс медаль иеленді. 2018/2019 жылғы маусымды алматылық «Қайрат» АФК сапында өткізді. Сол жылы Әзірбайжан құрамасына қарсы өткен ойында Қазақстан Ұлттық құрамадағы алғашқы ойынына шықты. 

2019/2020 жылғы маусымда астрахандық «Волгарь» командасының намысын қорғады, ал биылғы маусымды Париматч — Суперлигада (Ресей) ойнайтын «Ухта» ШФК сапында аяқтады.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!