Қазақстан құрамасының Молдоваға қарсы матчы қашан өтетіні белгілі болды

Ернар Ламкадыров
25.11.2021
17:44
Новость
Футбол

УЕФА Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасы аясында Молдоваға қарсы өтетін өтпелі матчтардың күндерін анықтады, деп хабарлайды Moldfootball.com сайты.

УЕФА белгілеген кестеге сәйкес, командалар 2022 жылдың 24 наурызында «Зимбру» стадионында шеберлік байқасады. Қарымта кездесу 2022 жылдың 29 наурызында Нұр-Сұлтандағы «Астана Арена» стадионында өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, бұл кездесулердің жеңімпазы 2022-23 жылғы маусымда УЕФА Ұлттар лигасының С дивизионындағы орнын сақтап қалады, ал жеңілген команда D лигасына түседі.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!