Қазақстан құрамасының қақпашысы Мұхаммеджан Сейсен «Таразбен» келісім-шартын ұзартты, деп хабалайды жамбылдық клубтың ресми сайты.
22 жастағы қақпашы өткен маусымда «Тараз» үшін Премьер-лигада 26 матч өткізді. Чемпионат аяқталғаннан кейін оған ҚПЛ клубтарынан бірқатар ұсыныстар түсті. Атап айтқанда, «Ақтөбе» және «Тобыл» қақпашымен келіссөздер жүргізді.
Сейсен өткен жылы Қазақстар құрамасына тұрақты түрде шақырту алып жүрді және Солтүстік Македониямен болған жолдастық кездесуде қосалқы құрамнан алаңға шыққан болатын.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.