Қазақстан қоржынына тағы бір Токио Олимпиадасының жолдамасы түсті

Маргулан Жакып
05/05/2021
10:02
Новость
Другие

Таиландтың Паттайя қаласында өтіп жатқан байдарка мен каноэде есуден Азия аймақтық іріктеу турнирінде Қазақстан қоржынына тағы бір жолдама түсті, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Әйелдер арасында каноэмен 500 метрге жарысудан сынға түскен Маргарита Торлопова мен Светлана Усова өз тобында жеңіске жетіп, тиісінше Олимпиада жолдамасын иеленді. Олар Индонезия, Иран және Таиланд спортшыларын артта қалдырды. 

Бұл каноэшілердің екінші жолдамасы. Бұған дейін Сергей және Тимофей Емельяновтар жеңіске жетіп, лицензия ұтып алған еді. 

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.