Қазақстан кубогы үшінші іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды

Наурызбай Сатжанов
04/05/2021
17:52
Новость
Футбол
Қазақстан кубогы үшінші іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды

Бүгін Футболдан Қазақстан кубогы үшінші іріктеу кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтті.

Алғашқы іріктеу кезеңдерінің қорытындысы бойынша үшінші айналымға СДЮСШОР №8, «Оңтүстік Академиясы», «Ақсу» және «Мақтаарал» командалары өткен болатын.

Қазақстан Кубогы үшінші іріктеу кезеңінің жеребе нәтижесі:

СДЮСШОР №8 — «Оңтүстік Академиясы»

«Мақтаарал» — «Ақсу»

Аталмыш кезеңнің жеңімпаздары бір ойын қорытындысы бойынша анықталады және Кубоктың топтық кезеңіне қатысуға мүмкіндік алады. Бұл кезеңнің ойындары 2021 жылдың 21 мамырына жоспарланған. 

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.