Выбор пользователей
Первый букмекер
Лучшие коэффициенты
Выбор редакции

Қазақстан ФИФА-ның жаңартылған рейтингісінде екі сатыға төмендеді

Маргулан Жакып
07/04/2021
21:02
Новость
Футбол

Футбол қауымдастықтарының халықаралық федерациясы (ФИФА) ерлер арасындағы ұлттық құрамалардың жаңартылған рейтингісін жариялады.

Жаңартылған рейтингте Қазақстан ұлттық құрамасы 122-ші сатыдан 124-ші орынға түсті. Үздік ондық қатарында да айтарлықтай өзгерістер орын алды. Италия оныншы сатыдан жетінші орынға көтерілді. Аргентина жетінші орынан бір сатыға төмендеді. Уругвай да сегізінші орыннан тоғызыншы сатыға құлдырады. Ал Дания құрамасы 12-ші орыннан оныншы сатыға көтерілді.

ФИФА-ның 2021 жылдың 7 сәуірдегі рейтингісі:

1 (1). Бельгия — 1783.38 ұпай;

2 (2). Франция — 1757.3;

3 (3). Бразилия — 1742.65;

4 (4). Англия — 1686.78 ;

5 (5). Португалия — 1666.12;

6 (6). Испания — 1648.13;

7 (10). Италия — 1642.06;

8 (7). Аргентина — 1641.95;

9 (8). Уругвай — 1639.08;

10 (12). Дания — 1631.55;

24 (24). Украина — 1515.85;

38 (39). Ресей — 1462.65;

86 (85). Өзбекстан — 1283;

89 (88). Беларусь — 1276.79;

98 (96). Қырғызстан — 1240.08;

110 (108). Әзербайжан — 1168.53;

121 (120). Тәжікстан — 1151.1;

124 (122). Қазақстан — 1147.35;

130 (132). Түркменстан — 1106.51;

Толық тізіммен мына сілтемеге өтіп таныса аласыздар. 

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.