Хоккейден Қазақстан Pto Hokei Ligasy чемпионатының кезекті ойын күні мәресіне жетіп, плей-офф кезеңіне мезгілінен бұрын жолдама алған тағы бір команда анықталды.
Көкшетаулық «Арлан» клубы «Алматыны» 5:3, 4:1 есептерімен қос матчта жеңіп, жалпы ұпай санын 73-ке жеткізіп, төменгі орындағы ұжымдар қуып жете алмайтын межеден асты.
Естереңізге сала кетсек, көкшетаулықтардан бұрын плей-офф кезеңіне мезгілінен бұрын қарағандылық «Сарыарқа», өскемендік «Торпедо», «Теміртау», нұр-сұлтандық «Номад» және атыраулық «Бейбарыс» командалары шыққан еді.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.