ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Лучшее приложение 2024
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Қазақстан бокс федерациясына жаңа атқарушы директор тағайындалды

Азиз Қожамбетов Қазақстан Бокс Федерациясының атқарушы директоры болып тағайындалды. Бұл жайлы бұйрыққа бүгін қол қойылды, деп хабарлайды ҚБФ баспасөз қызметі.

«Азиз Есентайұлы осыған дейін ҚБФ президентінің кеңесшісі қызметін атқарып келді. Халықаралық дәрежедегі тәжірибесінің арқасында жақында ғана аяқталған Азия Бокс Конфедерациясының Конгресінде аталған ұйымның директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды. Төрт тілді жетік меңгерген маман 2010-2014 жылдар аралығында ASBC атқарушы директоры қызметін атқарған. World Series of Boxing аясында өнер көрсеткен даңқты «Astana Arlans» клубының негізін қалағандардың бірі.

Қазақстан Бокс Федерациясы және еліміздегі барша бокс қауымдастығы Азиз мырзаны шын жүректен құттықтайды. Еліміздегі №1 спорт түрінің дамуына спорт саласында жинаған мол тәжірибесі өз септігін тигізеді деген сенімдеміз. Жаңа қызметте сәттілік, және отандық былғары қолғап шеберлеріне жеңіс тілейміз!», – делінген ұйымның жазбасында.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!