Қайрат Биекенов: «Қысқы Олимпиадаға екі жолдама алу жоспарымызда бар»

Ернар Ламкадыров
13.10.2021
18:36
Новость
Другие

Шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан командасының бас бапкері Қайрат Биекенов спортшылардың олимпиадалық маусымдағы дайындығы туралы айтты, деп хабарлайды Olympic.kz. 

«Команда толық құраммен жаттығуда. Жігіттердің көңіл-күйі жақсы. Жаздан бері өз жоспарымызды жүзеге асыру үшін тырысып келеміз. Спортшылар халықараық жарыстарға қатысып, жақсы нәтиже көрсетуге күш салуда. Құрама тәжірибелі спортшылардан бөлек, жас атлеттермен де толықты. Атап айтар болсақ, Сергей Кравцов,  Никита Девяткин, Святослав Назаренко және Ильшат Кадыров қатарға қосылды. Жоспар бойынша құрлықтық әлем кубоктерінде сынға түсеміз. Әлем кубогі кезеңдерінен дәрежесі төмен болғанына қарамастан, олимпиадалық лицензияға таласу үшін қажетті ұпай жинауға болады. Әзірге, екі жолдама алсақ деген жоспарымыз бар», - дейді Биекенов.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!