Қазақстандық файтер Сингапурде жекпе-жек өткізеді

Ернар Ламкадыров
25.11.2021
14:38
Новость
Единоборства

Қазақстандық файтер Қайрат Ахметовтің (24-2) келесі жекпе-жегінің өтетін күні белгілі болды.

Бұл туралы спортшының өзі Instagram-парақшасында хабарлады. Қайрат Ахметов 17 желтоқсанда Сингапурде өтетін One Championship турнирінде октагонға шығады. Қарсыласы филиппиндік файтер Дэнни Кинганд болмақ.

Естеріңізге сала кетейік, қос спортшы бұған дейін екі мәрте кездесуі қажет еді. Алайда екі рет те жекпе-жек түрлі себепке байланысты өтпей қалды. Қайрат Ахметов кейінгі жекпе-жегінде Корея өкілі Дай Хван Киммен кездесіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Теги:
Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!