«Аят» ШФК үшінші орынға таласта 2:1 есебімен алға шықты

Наурызбай Сатжанов
04/05/2021
15:15
Новость
Футбол

Футзалдан Қазақстан чемпионатының плей-офф кезеңі аясындағы үшінші орынға таластағы үшінші матчта рудныйлық «Аят» «Ақтөбеден» басым түсті.

6:5 есебі тіркелген аса тартыста кездесуде жеңіске жеткен рудныйлықтар серияда 2:1 есебімен алға шықты. Қола медальға талас үш жеңіске  дейін жалғасады. Ертең, яғни 5 мамыр күні қос ұжым төртінші матчтарын өткізеді. Ертең қол жүлденің иесі анықталып қалуы немесе ақтөбеліктердің есепті теңестіруі мүмкін.

«Аят» (Рудный) – «Ақтөбе» – 6:5

Голдар: Луан Марсело (хет-трик), Жеже (дубль), Балтабаев – Көлбаев (хет-трик), Витао, Део

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.