«Аяғымды болдырып тастады». Нокдауннан ес жиып жеңіске жеткен қазақ спортшы қарсыласы жайлы айтты

Наурызбай Сатжанов
04/05/2021
19:24
Новость
Единоборства
«Аяғымды болдырып тастады». Нокдауннан ес жиып жеңіске жеткен қазақ спортшы қарсыласы жайлы айтты

Ресейлік қазақ Ілияс Хамзин (7-2) аралас жекпе-жекте бразилиялық Джуниор Маркесті жеңгеніне қатысты пікір білдірді.

Екатеринбургтегі RCC 9 турнирінде өткен жекпе-жек жоспарланғандай толық үш раундта бітті. Ілияс бірінші раундта нокдаунға түскен болатын, алайда кездесу қорытындысы бойынша төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

«Аяқтарым ауырып тұр, Маркес бірінші раундтан кейін аяғымды болдырып тастады. Дегенмен соңына дейін жетіп, жақсы жұмыс істедім. Оңай қарсылас емес, өте ыңғайсыз, соққысы да мықты екен, аяқ-қолы ауыр. Оған да ауыр соққыларым тиген сәттер болды, ол бір-екі рет тәлтіректеп те кетті. Дегенмен нокаутпен аяқтауға маған бірдеңе жетпеді.

Командамда Петр Ян болды, оның айтқандары дәл келді, мен оны анық естіп жүрдім. Сондықтан бұл ортақ жеңіс, команда жақсы көмектесті. Қазір айқасты қайталап көреміз, қателерді сараптау үшін», — дейді Хамзин турнир ұйымдастырушыларының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Теги:

Недавние статьи