Атыраулық полиция инспекторы қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогінің иегері атанды

Ернар Ламкадыров
25.11.2021
10:45
Новость
Единоборства

Атыраулық полиция инспекторы қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогінің иегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жақында атыраулық екі полиция инспекторы Ресей Федерациясының астанасы – Мәскеу қаласында өткен әлем кубогына қатысқан.

«Қоян-қолтық ұрыстан өткен әлем кубогында 30 елден 228 спортшы бақ сынады. Оның ішінде ел намысын қорғаған Атырау облыстық полиция департаментінің қызметкері, аға лейтенант Мирас Шантасов 90 келіден жоғары салмақта қола медальға ие болды. Ал, 75 келі салмақта қарсыластарын өапы қалдырған аға лейтенант Әлихан Сейітов әлем кубогінің алтын медальін жеңіп алды. Екі полицей де спорттың аталған түрімен мектеп қабырғасынан бері шұғылданып келген» -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!