Выбор пользователей
Первый букмекер
Лучшие коэффициенты
Выбор редакции

«Атырау» ФК «Астана» ойыншысын жалға алды

Наурызбай Сатжанов
08/04/2021
19:59
Новость
Футбол
«Атырау» ФК «Астана» ойыншысын жалға алды

Елордалық «Астана» футбол клубының 21 жасар жартылай қорғаушысы Жасұлан Қайыркенов маусым соңына дейін «Атырау» командасына жалға берілді, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

Жас футболшы Жасұлан павлодарлық футбол мектебінің түлегі болып саналады. 2016-2019 жылдар аралығында «Астана» футбол клубының жүйесінде болған. Қайыркенов негізгі командада, «Астана–U21» және «Астана Жас» командаларында да ойнаған. 

Айта кетерлігі, Жасұлан Қайыркенов өткен маусымды да «Атырау» сапында өткізген болатын. Атыраулық ұжым сапында ол 12 ойынға қатысып 3 гол соққан.

Читайте Metaratings , чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.