Выбор пользователей
Первый букмекер
Лучшие коэффициенты
Выбор редакции

«Астана» Ресей үшінші лигасының клубынан жауапсыз екі гол жіберіп, жеңіліп қалды

Маргулан Жакып
25/02/2021
16:01
Новость
Футбол

Түркиядағы оқу-жаттығу жиындары аясында елордалық «Астана» соңғы жолдастық кездесуін өткізіп, Дондағы Ростовтың СКА клубынан жауапсыз екі гол жіберіп, жеңіліп қалды.

«Астана»: Непогодов (Заруцкий), Совет (Қаиркенов), Томашевич, Рукавина, Шимунович, Эбонг, Бейсебеков (Чуперка), Барсегян, Томасов, Смайлагич.

СКА осыған дейін қазақстандық екі клубпен күш сынасты. Алғашқысында «Таразды» 3:0 есебімен ойсырата жеңсе, екінші ойында «Қыранмен» тең (4:4) түсті.

Ал елордалықтар соңғы жолдастық кездесуінде беларусьтік «Рухты» 6:2 есебімен тас-талқан еткен еді.

«Астана» (Қазақстан) – СКА Ростов (Ресей) – 0:2

Голдар: Козлов 68’, Шульжевский 84’.

Читайте Metaratings , чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.