
Astana Premier-Tech командасының велошабандозы Ион Исагирре «Басктар Елі Турының» төртінші айналымында жеңіске жетті.
Витории-Гастейс мен Хондарибия арасындағы 189,2 шақырым қашықтықты Ион 4 сағат, 17 минут және 7 секундта өтіп шықты. Оның артынан Пельо Бильбао (Bahrain-Victorious) мен Брэндон Макналти (UAE-Team Emirates) мәре сызығын кесті.
Исагирре жалпы есепте тоғызыншы орында келе жатқанын айта кетейік (+1:15).
Бұған дейін сайыстың екінші кезеңінде Astana Premier-Tech Алекс Аранбуру топ жарған болатын. «Басктар Елі Туры» 10-шы сәуірге дейін жалғасады.
Читайте Metaratings , чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.