«Астана» Конференция лигасындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Наурызбай Сатжанов
22.07.2021
20:48
Новость
Футбол

«Астана» Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі «Ариске» қарсы өз алаңында өткен бірінші ойында жеңіске жетті.

Қонақтар ойын тізгінін басынан бастап өз қолдарына алды, дегенмен елордалық ұжым қарсы шабуылда ұтымды ойнай білді. Бірінші таймның ортасында Абзал Бейсебековтың пасын голға айналдырған Марин Томасов алаң иелерін алға шығарды. Екінші таймда хорват есепті еселеп, астаналықтарға маңызды жеңісті сыйлады. 

«Астана»: Дмитрий Непогодов (Қ) – Абзал Бейсебеков (К), Энео Битри, Лука Шимунович, Антонио Рукавина – Исламбек Қуат, Валерий Чуперка, Макс Эбонг – Тигран Барсегян, Марин Томасов, Педро Эуженио;

«Арис»: Денис Сезар Матос (Қ) – Кристиан Ганя, Георгиос Делизисис (К), Йоан Беналуан, Эмануэль Шакич – Лукас Саша, Хавьер Матилья, Факундо Бертольо – Бруно Гама, Матео Гарсия, Даниэль Манчини;

«Астана» (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) — «Арис» (Салоники, Грекия) — 2:0 (1:0)

Голдар: Томасов 25 (1:0), Томасов 71 (2:0)

Алаңнан қуылды: Шимунович 76. 

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.