Выбор пользователей
Первый букмекер
Лучшие коэффициенты
Выбор редакции

Ресми: «Астана» испаниялық қорғаушымен толықты

Маргулан Жакып
07/04/2021
17:30
Новость
Футбол

Барлық тиісті медициналық тексерістен өткеннен кейін «Кадете» деген атпен танымал 26 жастағы испаниялық қорғаушы Энрике Лопес Фернандес «Астана» футбол клубымен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Испаниялық футболшы «Алькорон» клубының түлегі.. Кадете Испания біріншілігінен бөлек Мексика чемпионатында «Атлетико Сан-Луис» және «Керетаро» клубтарында тер төкті. Жалпы клубтық мансабында 107 ойынға қатысып, үш мәрте мергендігімен көзге түссе, бір нәтижелі пас берген. Сонымен қатар 23 сары қағаз алып, бір рет алаңнан қуылған.

Кадете елордалық клуб сапында 21-ші нөмірмен өнер көрсетеді.

Читайте Metaratings , чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.