«Астана» ФК грузиялық қорғаушыны қатарына қосуы мүмкін

Наурызбай Сатжанов
10.06.2021
18:50
Новость
Футбол
«Астана» ФК грузиялық қорғаушыны қатарына қосуы мүмкін

Тулалық «Арсеналдың» бұрынғы қорғаушысы Гиа Григалава карьерасын Қазақстанда жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz.

Sport24.ru ақпаратына сүйенсек, 31 жастағы ойыншыға «Астана» ФК көз тігіп отыр. Елордалық клуб өкілдерінің испаниялық «Кадиске» кететін Вараздат Ароянның орнына осы футболшыны алмақ ниетте көрінеді.

Грузин футболшысы «Арсеналда» 2017 жылдың қаңтарынан бастап өнер көрсеткен еді. Осы жазда оның келісімшарты аяқталды. 2020/21 маусымында Григалава 21 матч өткізіп, чемпионат соңына таман үш ойынға шеттелген болатын.

Сонымен бірге, Григалава нижегородскілік «Волга», «Анжи», ростовтық СКА, «Москва» және «Ростов» командаларында ойнады.

Transfermarkt порталы футболшының трансферлік құнын 800 мың еуроға бағалап отыр.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.