«Астанаға» жаңа атқарушы директор тағайындалды

Маргулан Жакып
14.10.2021
19:02
Новость
Футбол

«Астана» футбол клубының басшылығында өзгерістер орын алды. Атқарушы директоры қызметіне қазақстандық маман Санжар Сейтқазинов тағайындалды, деп хабарлайды команданың баспасөз қызметі.

Сейтқазинов осыған дейін ақтаулық «Каспий» футбол клубында директор болып жұмыс істеген еді. Сонымен қатар мәскеулік RMA бизнес-мектебінің «Ойын спорт түрлерінің менеджменті» факультетінің түлегі және президенттік жастар кадрының резерві құрамына кіреді.

Естеріңізге сала кетсек, «Каспий» Сейтқазиновтің өз еркімен клубтан кеткенін 12 қазан күні хабарлаған еді.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!