Артем Захаров: «Токиода ел намысын абыроймен қорғағым келеді»

Маргулан Жакып
21.07.2021
17:45
Новость
Другие

Токио Олимпиадасында тректегі велоспорттан Қазақстан намысын екі спортшы қорғайды. Олар – Артем Захаров (омниум) және Сергей Пономарев (кейрин). Олимпиада қарсаңында Захаров өзінің дайындығы мен алға қойған мақсаттары туралы айтты деп жазады Olympic.kz.  

Артем Захаров Токио ойындарындағы бәсекені 5 тамызда бастайды. 

«Қазіргі таңда Түркиядағы биік таулы жаттығу жиынындамын. Олимпиада алдындағы соңғы дайындық кезеңін өткізіп жатырмын. 1 тамыз күні Токиоға ұшамын. Бұл менің екінші Олимпиадам. Алдағы жарыстан күтерім көп.

Өзімнің ең жақсы нәтижемді көрсеткім келеді. Әлемдік спорттық додада ел намысын абыроймен қорғағым келеді. Бабыма еніп, бар күшімді салу ғана қалды», – дейді Артем.  

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.