Арман Нүсіп «Каспийден» «Тараз» футбол клубына ауысты

Наурызбай Сатжанов
22.07.2021
16:57
Новость
Трансферы

Ақтаулық «Каспий» жартылай қорғаушы Арман Нүсіппен екіжақты еңбек келісімшартын үзгендігін хабарлады.

27 жасар қазақстандық футболшы мансабын «Таразда» жалғастырады. 

Естеріңізге сала кетсек, Нүсіп «Каспий» сапына өткен жылдың тамызында ауысқан. Осы уақыт аралығында ол ақтаулық команданың сапында 29 ойынға қатысып екі гол соққан және бір нәтижелі пас авторы атанған.

Арман биылғы маусымда 14 рет алаңға шығып бір гол салып, әріптестерін бір нәтижелі паспен қамтамасыз етті

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.