Выбор пользователей
Первый букмекер
Лучшие коэффициенты
Выбор редакции

«Арлан» «Торпедоны» жолда қалдырып, финалға жолдама алды

Маргулан Жакып
07/04/2021
22:31
Новость
Хоккей

Pro Hokei Ligasy плей-офф кезеңінің жартылай финалдық бесінші матчында «Арлан» сырт алаңда «Торпедоны» жеңіп, финалға жолдама алды.

Екі период бойы есеп ашылмай, үшінші периодта бір-бір шайбадан алмасып, негізгі уақытты тең аяқтаған қос ұжым жеңімпазды овертаймда анықтады. Жалпы ойынның 96 минутында Куликов шайба соғып, көкшетаулықтарға жеңіс сыйлап, финалға өтуге септігін тигізді. 

Осылайша «Арлан» қағаз жүзінде фаворит болған өскемендіктерді 1:4 есебімен тізе бүктіріп, финалдық жолдамаға ие болды. Ақтық сында көкшетаулықтар қарағандылық «Сарыарқамен» күш сынасады.

«Торпедо» (Өскемен) – «Арлан» (Көкшетау) – 1:2 ОТ2 (0:0, 0:0, 1:1, 0:0, 0:0, 0:1)

1:0 – Стулов (Савицкий, Угольников), 45:17 (5х4)

1:1 – Лакиза, 54:28 (4х5)

1:2 – Куликов (Бердников Р.), 96:14

Қақпашылар: Шутов – Демидов

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.