Қарағандылық «Шахтер» сапына ганалық футболшы қосылды

Наурызбай Сатжанов
14.07.2021
20:39
Новость
Трансферы

Қарағандылық «Шахтер» футбол клубы 29 жасар шыққан тегі ганалық футболшы Дэвид Мавутормен еңбек келісімшартын жасасты, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Артқы жартылай қорғаушы позициясында ойнайтын Мавутор қазақстандық футбол жанкүйерлеріне «Жетісу» құрамында ойнаған кездерінен таныс. 29 жастағы футболшы соңғы үш маусымды осы талдықорғандық ұжымда өткізді, ал қыста польшалық «Вислаға» ауысқан. 

Дэвид одан бөлек Гананың «Зайворд», «Ювентус» және Тәжікстанның «Равшан», «Истиклол» командаларында өнер көрсеткен.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!