ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Лучшее приложение 2024
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Қарағандылық каратешілер әлем чемпионатының бес жүлдесін жеңіп алды

Ашихара-каратеден (AIKO AIF) өткен халықаралық біріншілікте Қарағанды облысының Ashihara Karate федерациясының бес өкілі үздіктер қатарынан табылды.

Спортшылардың қоржынында төрт алтын және бір күміс бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлем чемпионаты Түркияның Анталья қаласында балалар, жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында өтті. Оған 18 елден мыңнан астам каратэші қатысты.

Тұғырдың ең жоғарғы сатысына көтерілген қарағандылықтар:

- Евангелина Молодушкина, Шәкәрім атындағы гимназияның 3-сынып оқушысы;

- Дина Исабекова, Шәкәрім атындағы гимназияның 8-сынып оқушысы;

- Анар Исабекова, Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің оқытушысы;

- Айдын Самбаев, Қарағанды техникалық университетінің студенті.

КТУ-дың тағы бір оқушысы Арман Райымбеков күміс жүлдені жеңіп алды.

«Нәтижесінде Қазақстан құрамасы 19 алтын, 14 күміс және 9 қола жүлдемен жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды. Бірінші орынды Түркия, үшінші орынды Литва, төртінші орынды Әзірбайжан елдері иеленді», - деп хабарлады Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!