Анна Данилина Дубайдағы турнирдің жартылай финалына шықты

Ернар Ламкадыров
26.11.2021
13:06
Новость
Теннис

Қазақстандық Анна Данилина жұптық сында Дубайдағы ITF W 100 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Данилина мен словакиялық Виктория Кузьмова аталмыш жарыстың бірінші ракеткалары болып тіркелген еді.

Олар ширек финалда словакиялық Кристина Куцова – чехиялық Рената Вораковамен кездесуі керек еді. Әйтсе де қарсыластары матчқа келмей қалды да, Данилина мен Кузьмова жартылай финалға ойнамастан шықты.

Қазақстандық-словакиялық жұп финалға өту үшін таиландтық Пеангтарн Плипуек – индонезиялық Алдила Сутджиадимен таласады. Бұл екеуі ширек финалда Беларусь өкілі Юлия Готовко – тағы бір индонезиялық Джесси Ромписті 6:1, 6:1 есебімен қиналмай ұтты.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!