Андрей Финонченко: «Еуропалық турнирлерде әлсіз команда болмайды»

Наурызбай Сатжанов
22.07.2021
11:42
Новость
Футбол

Қарағандылық «Шахтердің» бас бапкерінің ассистенті Андрей Финонченко Конференция Лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі румыниялық «Стяуамен» өтетін ойынға қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

– Мамандар Сіздің командаңызды бухаресттік клубқа қарағанда әлсіздеу деп топшылауда...

– Еуропалық турнирлерде өз елінің ең күшті ұжымдары ойнайды. Мұнда әлсіз командалар болмайды. «Шахтер» Еуропада бұған дейін ойнаған және өз елінің намысын абыроймен қорғаған. Барлығы жасыл алаңда шешіледі. 

– Қарсыластар жайлыне айтасыз?

– Оларды зерттеліп, өткен ойындарын қарадық. Команда тәжірибелі ойыншылар мен жастардың жақсы қоспасынан құралған.  Олардың бірі жақында италиялық «Пармаға» ауысқанын ла білеміз. Олардың сапында Попесканы атап өтуге болады, жақсы, жас футболшы.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.