Қамшыбек Қоңқабаев Токио Олимпиадасының ширек финалына өтті

Наурызбай Сатжанов
29.07.2021
15:57
Новость
Единоборства

Бокстан Қазақстан командасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев Токиодағы алғашқы жекпе-жегін айқын басымдықпен жеңді.

Қамшыбек Олиапиаданың 1/8 айналымында мысырлық боксшы Юсри Резк Мостафа Хафезбен шаршы алаңда шеберлік байқасқан болатын.

91 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі жекпе-жек толығымен қазақстандық боксшының бақылауымен өтті. Нәтижесінде, төрешілер бірауыздан жеңісті Қоңқабаевқа берді.

Қазақстандық боксшының ширек финалдағы қарсыласы — Ресей олимпиадалық командасының өкілі Иван Верясов. 

Естеріңізге сала кетсек, қазіргі кезде Токиодағы жорығын жалғастырып жатқан боксшылар Закир Сафиуллин (63 келіге дейін), Сәкен Бибосынов (52 келіге дейін) және Әбілхан Аманқұл (75 келіге дейін). Аблайхан Жүсіпов (69 келі), Василий Левит (91 келі) және Бекзад Нұрдәулетов (81 келі) алғашқы кездесуілерінен-ақ жарысты аяқтаса, Серік Теміржанов (57 келі) екінші кезеңде сайыстан шыққан болатын.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!