«Алтын, алтын және тек алтын». Әлімханұлы бокстан Қазақстан құрамасына Олимпиадада сәттілік тіледі

Маргулан Жакып
21.07.2021
12:06
Новость
Единоборства

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) бокстан Қазақстан ұлттық құрамасына Токиодағы Олимпиада ойындары басталар алдында сәттілік тіледі. 

«Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасына Олимпиада ойындардында сәттілік тілеймін. Алтын, алтын және тек қана алтын! Біздің команда мықты. Дәлелдеудің қажеті жоқ. Мұны әлем біледі. Олимпиаданың алтыны сендерге арналып жасалған, жігіттер! Алтын медальдарыңды алып, елге әкеліңдер», – деп жазды Әлімханұлы твиттер парақшасында. 

Естеріңізге сала кетсек, бокстан Олимпиададағы жекпе-жектер 24 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді. 

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.