Алмат Кебіспаев Әлем чемпионатының 1/2 финалында жеңілуінің басты себептерін айтты

Маргулан Жакып
14.10.2021
15:11
Новость
Единоборства

Грек-рим күресінен бес дүркін Әлем чемпионатының жүлдегері Алмат Кебіспаев Ұлттық олимпиадалық комиеттің баспасөз қызметіне берген сұхбатында Әлем біріншілігінің жартылай финалында жеңілуінің себебін айтты.

— Жартылай финалда ресейлік балуанды ұту үшін не жетпеді деп ойлайсыз?

— Тактикалық тұрғыдан қателіктер болды. Басында өзім кілемнен шығарамын деп жүріп, аяғымды дұрыс ұстамай, біраз ұпай беріп қойдым. Негізі, өзім төрттағанда жиі қате жіберетінмін. Ослода бұл жағынан проблема болған жоқ. Есесіне, тік тұрып күрескенде қарсыласқа жол берген кездерім бар. Ресейлік балуанға берген ұпайымды қайтарамын деп, жанталасып әдіс жасауға көштім. Қасымда Боранбек ағайым болған жоқ. Кейін ол кісі менің асығып кеткенімді, алға ұмтыла бермей, төрттағанды күтпегенімді айтты. Мүмкін сырттан берілетін ақыл-кеңес жетпеген шығар.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!