Алексей Щеткин: «Волгоградқа оралғаныма қуаныштымын»

Маргулан Жакып
21.07.2021
11:25
Новость
Футбол

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Алексей Щеткин «Ротор» баспасөз қызметіне берген сұхбатында клуб сапына оралуы, не себепті маусым біте сала жаңа келісімге келмегені сынды бірқатар сұрақтарға жауап берді.

– Алексей, «Роторға» оралғаннан кейінгі алғашқы эмоциялар қандай болды?

– Эмоциялар тек жағымды. Командадағы жігіттер жақсы қарсы алды. Мен олардың көпшілігін екі айға жуық көрмедім, сағындым және Волгоградқа оралғаныма өте қуаныштымын.

– Неліктен өткен маусымнан кейін бірден келісімшартқа қол қоймадың?

– Өткен маусым аяқталғаннан кейін жай ғана үзіліс алып, бірнеше күн демалдым, содан кейін ұлттық құрамаға шақырту алдым. Агенттер ұзақ келіссөздер жүргізіп, ортақ келісімге келген соң бірден осында келдім.

– Өткен маусымның соңында негізгі матчтарда маңызды голдар соқтың. Жаңа маусымдағы алғашқы голды қашан көреміз?

– Алаңға шыққан алғашқы матчтардан бастап-ақ командаға септігімді тигізіп, гол соғамын деп үміттенемін.

– Қазіргі уақыттағы физикалық дайындығың қандай?

– Қазір, әрине, физикалық жағдайды жақсарту керек, өйткені үзіліс болды. Мүмкіндігінше тезірек қалпыма келуге тырысамын.

– Командаға Дмитрий Хохлов бастаған жаңа жаттықтырушылар штабы келді. Танысу қалай өтті?

— Келген соң бірден кездесіп, әңгімелестік. Дмитрий Валерьевич білікті жаттықтырушы және бұрын керемет футболшы болған, Мен онымен жұмыс істейтініме қуаныштымын.

– Қазір өзің үшін қандай жеке мақсаттарды алдыға қоясың?

– Өзіңіз үшін әрқашан максималды мақсаттар қою керек. Бірақ ең алдымен, командаға пайдаңды тигізу қажет.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.