Алексей Бага: «Өз алаңымызда екінші ойын қатарынан бірде-бір гол соқпағанымыз ұят»

Наурызбай Сатжанов
03/05/2021
15:50
Новость
Футбол
Алексей Бага: «Өз алаңымызда екінші ойын қатарынан бірде-бір гол соқпағанымыз ұят»

«Ақтөбенің» бас бапкері Алексей Бага «Астанамен» болған матчтың (0: 2) нәтижесі туралы пікір білдірді.

— Егер кездесудің бірінші жартысында 1-2 гол айырмашылығымен ұтылып жатсаңыз, кездесуде ұпай алу және турнирлік кестеде алға жылжу қиын болады. Бұл қазірдің өзінде біз үшін жүйе болып қатып қалған және бұл қалыпты жағдай емес, жалпы қарсыластың бірнеше шабуылы мен соққысы голға айналған кезде ойынға әсер ету қиын, бүгін де жағдай осылай болды. 

Ауысымдар және біз жасаған барлық нәрсе ойынды өзгерте алмады, 9 турдың ішінде біз екінші рет өз алаңымызда ойнадық және осы ойындарда бірде-бір гол соқпағанымыз ұят, одан бөлек, соңғы 4 ойында гол бір ғана гол соқтық. Сіз гол соқпаған кезде және сіздің қақпаңыздың алдына асырылған кез-келген пас голға айналса турнирлік кестедегі жоғарғы орындар үшін күресу қиын болады. Сондықтан, алаңда да, психологиялық тұрғыдан да жасайтын жұмыс көп, біз бұған дұрыс көзқараспен қарап, не болып жатқанын түсінуіміз керек.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Недавние статьи