Выбор пользователей
Первый букмекер
Лучшие коэффициенты
Выбор редакции

Александр Недовесов: «Ойын мен күткендей болмады»

Наурызбай Сатжанов
23/02/2021
16:35
Новость
Теннис
Александр Недовесов: «Ойын мен күткендей болмады»

Forte Challenger 100 турнирінің іріктеу матчтары аяқталды. Қазақстандық теннисші Александр Недовесов турнирдің негізгі кезеңіне жолдама ала алмады. Ол Владислав Манафовтан 3:6, 6:3, 3:6 жеңіліп, жарыс жолын аяқтады. Бұл туралы ҚТФ баспасөз қызметі хабарлады.

Ойын 1 сағат 56 минутта аяқталды. Бұл уақыт аралығында Недовесов бес брейктің екеуін орындап, тоғыз мәрте эйс жасады және доп беру кезнде екі қателікке бой алдырды.

«Матч жақсы өтті, бірақ жеңіске жету мүмкін болған жоқ. Ойын мүлде мен күткендей өтпеді. Енді жұптық сындағы матчтарға дайындаламын, бар мүмкіндігімді көрсетіп, турнир кестесінде мейлінше алға жылжуға тырысамын», - деді Александр матчтан кейін ҚТФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Негізгі кезеңге Недовесовты ұтқан украиналық Владислав Манафовтан басқа тағы үш теннисші жолдама алды. Олар ресейлік Иван Недельконы жеңген британдық Райан Пенистон (6:3, 6:4). Ресей теннисшісі Павел Котов командалас досы Алексей Захаровтан 7:5, 1:6, 6:3 есебімен басым түсті. Сонымен қатар, келесі кезеңге өткен үшінші теннисші эквадорлық Роберто Киросты үш сет қорытындысы бойынша 6:4, 5:7, 6:4 есебімен тізе бүктірген ресей теннисшісі Богдан Бобров. .

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Поделиться:

Рейтинг: 0