Алан Құрманғалиев: «Өз еліміздегі турнирде жақсы нәтиже көрсетуді мақсат еттік»

Ернар Ламкадыров
15.09.2021
16:06
Новость
Другие

Қарағандыда үстел теннисінен халықаралық турнир басталды. Қазақстандық Алан Құрманғалиев бірінші кездесуде Сауд Арабиясының өкіліне есе жіберді, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Кездесу 2:4 есебімен қарсылас пайдасына аяқталған. 

«Мұндай ірі халықаралық доданың Қарағандыда өткені өте жақсы. Еліміздегі жарыста барымызды салып, көңілден шығуға тырысамыз. Физикалық жағынан қиын болған жоқ. Мен бұл маусымда бабыма енген едім. Екі ірі турнирге қатысып үлгердім. Ал қарсыласыма келер болсам, Сауд Арабиясы спортшысының мықтылар қатарынан екенін білдім. Қорғаныс пен шабуылды қатар алып жүрдім. Алайда, жеңіліп қалдым», - дейді Алан.

Айта кетелік, жарыс ережесі бойынша топтық кездесуден үздік ұпай жинаған екі спортшы келесі айналымға өтеді.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!