Акис Манциос: «Бұл біздің алғашқы ресми ойынымыз, дегенмен дайын боламыз»

Наурызбай Сатжанов
22.07.2021
16:43
Новость
Футбол

Грекиялық «Арис» футбол клубының бас бапкері Акис Манциос Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі «Астанаға» қарсы өтетін матч туралы пікірімен бөлісті:

– Қиын ойын болғалы тұр. «Астана» қазір өзінің физикалық бабына еніп тұр, ал біз үшін бұл алғашқы ресми ойын. Дегенмен біз матчқа дайын боламыз және оң нәтижеге ниеттенетін боламыз. 

Алаңдағы жасанды төсеніш – біз үшін мәселе, бірақ біз бұған тез үйренісіп, қиындықтарға лайықты үн қатамыз деп ойлаймын. Мен өз ойыншыларыма сенемін. 

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.