Абзал Әжіғалиев Бейжің Олимпиадасында үздік төрттікке енді

Бейжің Олимпиадасында шорт-тректен 500 метрге жүгіруден ерлер арасындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Финалдық сында қазақстандық Абзал Әжіғалиев та өнер көрсеткен болатын. Ақтық бәсекеде Абзал мәре сызығын төртінші болып кесіп, жүлдеге сынық сүйем жерден тоқтады. 

Аталған қашықтықта алтын жүлдені Венгрия, күмісті Ресей, қоланы Канада спортшылары иеленген. 

Абзал Әжіғалиев қысқа қашықтықтарға жүгіруден әлем кубогінің жеңімпазы әрі бірнеше дүркін жүлдегері. Ол Сочи және Пхченчхан Олимпиадаларына қатысып, А финалына алғаш рет Бейжің ойындарында шыққан болатын. 

Әзірге, Абзал қазақстандық шорт-трекшілердің Олимпиададағы ең ірі жетістігін тіркеп отыр. Бұған дейн отандық шорт- трек шеберлері Олимпиадада төрттікке енген емес. 

Сондай-ақ осыған дейін Әділ Ғалиахметов 1500 метрге жарысудан финалда бақ сынап, сегізінші орын алған болатын. 

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!

Девушки в спорте

На данном сайте используются файлы cookie
Это обеспечивает клиентам персонализированный доступ и повышает результативность от посещения ресурса, позволяя нам наиболее эффективно оказывать услуги. Пользуясь веб-сайтом и принимаяусловия настоящей политики, вы даете согласие на использование файлов cookie в соответствии с условиями настоящей политики.