«Абат Айымбетов, Марин Томасов және Вагнер Лавты басты үміткерлер деп санаймын». Былтырғы маусымның сұрмергені ҚПЛ-дағы басты бәсекелестерін атады

Наурызбай Сатжанов
28.04.2021
14:15
Новость
Футбол
«Абат Айымбетов, Марин Томасов және Вагнер Лавты басты үміткерлер деп санаймын». Былтырғы маусымның сұрмергені ҚПЛ-дағы басты бәсекелестерін атады

Жаңа маусымда «Ордабасы» тарихындағы ең үздік сұрмергендердің көшін бастаған Жоао Пауло шымкенттік клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбаты барысында маусымға арналған мақсаттар мен осы маусымның үздік сұрмергені атануға үміткерлер жайлы айтып өтті. 

– «Ордабасы» өткен маусымда тек бесінші орынға тұрақтады. Екінші жыл қатарынан жүлдесіө қалу трагедия болатын шығар?

– Иә, бұл өте қиын шақ болды. Алайда біз қазір жүлдегерлер қатарына енуді көздеудеміз. Маусым қорытындысы бойынша үздік үштіктен орын алу үшін бар күшімізді саламыз. Біздің барша талпыныстарымыз өз мақсатына жетеді деп үміттенемін.

– Өткен турдан кейін сіз қайтадан сұрмергендер кестесінде көш бастадыңыз. Премьер Лига ойыншыларының қайсысы маусым қорытындысы бойынша үздік сұрмерген атана алады?

– Сұрмергендер тізіміндегі бәсекелестік өте жақсы. Өзіңіз көргендей деңгей өте жоғары және біршама ойыншылар бұл жүлдеге таласа алады. Абат Айымбетов, Марин Томасов және Вагнер Лавты басты үміткерлер деп санаймын. Мен де бұл атаққа соңына дейін таласып, Құдайдың қолдауымен тағы да маусымның үздік сұрмергені атанамын деп сенемін.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!