Баскетболдан Қазақстан чемпионатының кезекті матчында «Алматинский Легион» өз алаңында «Ақтөбеден» айласын асыра алмады.
Осылайша алматылықтар қатарынан 15-ші ойында жеңіліп, плей-оффқа өту мүмкіндігінен айырылды. Ал ақтөбеліктер төрт матч бойы жеңілмей, әзірге плей-офф аймағында тұр, «Ақтөбенің» ендігі тағдыры «Каспий» мен «Тобылдың» қолында. Өйткені ақтаулықтар қостанайлықтарға қарсы өтетін төрт ойынның екеуінде жеңіске жетсе, плей-оффқа жолдама алады.
«Алматинский Легион» – «Ақтөбе» – 71:109 (17:36, 16:24, 16:20, 22:29).
Читайте Metaratings , чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.