«Ақтөбе» ойыншылары құрбандыққа сегіз қой сойып, қайырымдылық жасады

Маргулан Жакып
21.07.2021
17:20
Новость
Футбол

«Ақтөбе» футбол клубының ойыншылары өзара ұйымдасып, Құрбан айт мерекесіне орай қайырымдылық жасады, деп хабарлайды команданың баспасөз қызметі.

«Құрбан айт – адамдарды кеңпейілділік пен қайырымдылыққа тәрбиелеп, ізгілікке жетелейтін мереке. Осы ретте кеше «Ақтөбе» футбол клубының ойыншылары Құрбан айт мерекесі қарсаңында өзара ұйымдасып, көмекке мұқтаж 18 жанұяға қайырымдылық жасады. 

Құрбандыққа шалынған 8 қойдың етін түгелдей таратқан футболшылар, қосымша ретінде жанұяларға азық-түлікпенде көмектескен болатын. Бұл біздің ойыншылардың жасап жатқан алғашқы қайырымдылығы емес екенін тілге тиек еткен жөн. 

Жалпы, Құрбан айт айналаңдағыларға мейіріммен қарап, қайырымдылық танытып, ізгілік көрсететін мереке. Мұсылман халқы ешқашан бір-бірін қиындықта, жоқшылықта қалдырмаған. Сондықтан олар көмекке зәру жандарға қолынан келгенше көмектесіп отырған. Осындай кеңпейілділікке, адамгершілікке, бауырмалдыққа жетелейтін бұл мейрамның қоғамымызда алар орны ерекше.

Ендеше қайырымдылыққа толы Құрбан айттан Құрбан айтқа аман-есен жете берейік!», – делінген клубтың жазбасында.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.