«Ақтөбе» италиялық инвесторлармен кездесу өткізді

Ернар Ламкадыров
26.11.2021
15:19
Новость
Футбол

«Ақтөбе» ФК басқарма төрағасы Ерлан Жамантаев «International Trade» компаниясының бас директоры Никола Крепальди бастаған италиялық делегацияны қабылдады. 

Италияның Ақтөбедегі ресми өкілінің айтуынша, шетелдік бизнесмендер облысымызда бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүдделі. 

Одан бөлек, италиялық кәсіпкерлер ақтөбелік футболды қолдап, бұл спорт түрінің дамуына қолғабыс етуге дайын. Әлем чемпионы және 1982 жылғы «Алтын доп» иегері Паоло Россидің Ақтөбе қаласынан өз футбол академиясының филиалын ашады деген жоспар болған. 

2020 жылы сондай-ақ Россимен бірге жасөспірім ойыншылардың іріктеуін италиялық бапкерлер жүргізеді деп жоспарланған болатын. Бірақ пандемияға және Италияның экс-форвардының мезгілсіз дүниеден өтуіне байланысты ойдағыны іске асыру мүмкін болмаған еді. 

Алдағы жылы тараптар арасындағы ынтымақтастық бір жолға қойылады деп күтіліп отыр. Жас өрендердің іріктеуінен соң, олардың бір бөлігі Италияға оқуға аттанады. 

Кездесу соңында Ерлан Айтбайұлы Никола Крепальди мырзаға «Ақтөбенің» атаулы жейдесін сыйға тартып, өзара ілгергі әріптестікке сенім білдірді. 

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!