Ағайынды Емельяновтар Токио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды

Маргулан Жакып
05/05/2021
09:42
Новость
Другие

Таиландтың Паттайя қаласында байдарка мен каноэде есуден Азия аймақтық Олимпиадаға іріктеу турнирі өтіп жатыр. Екі адамдық каноэде сынға түскен Сергей және Тимофей Емельяновтар лицензия жеңіп алды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Ағайынды Емельяновтар 1000 метрге каноэмен есуден сынға түскен болатын. Олардың уақыт көрсеткіші – 03 минут 37,608 секунд. Екінші орында Жапония, үшінші сатыда Өзбекстан құрамасы орналасқан. 

Айта кетелік, іріктеу турнирінің ережесі бойынша, тек жеңімпаз атанған команда Олимпиада жолдамасын еншілейді. Бүгін сынға түсіп жатқан қазақстандық спортшылар арасынан Илья Голендов пен Алексей Ергучев және Наталья Сергеева да финалға өткенін естеріңізге саламыз. 

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.