«Қызыл-Жар» өз алаңында «Қайраттан» ұпай тартып алды

Наурызбай Сатжанов
03/05/2021
18:30
Новость
Футбол
«Қызыл-Жар» өз алаңында «Қайраттан» ұпай тартып алды

Қазақстан Премьер-Лигасының тоғызыншы турында петропавлдық «Қызыл-Жар СК» өз алаңында алматылық «Қайратты» қабылдап, матч 1:1 есебімен тең аяқталды.

Қонақтар кездесудің аяғына дейін өздерінің фаворит екендіктерін дәлелдеп алаң иелерін өз жарты алаңдарына өткізбеді. Толассыз шабуылдардың бірінде бұрыштама добынан Денис Поляков есеп ашты. Ойынның екінші бөлігінде Алексей Шпилевский шәкірттері гол соғатын бірнеше мүмкіндіктерін пайдалана алмады және қарсы шабуылдардың бірінде петропавлдық ұжымның қорғаушысы Әлібек Қасым есепті теңестіріп кетті. 

Осылайша, «Қайрат» 16 ұпаймен турнирлік кестеінің төртінші, ал «Қызыл-Жар СК» 14 ұпаймен бесінші орында келеді.

ҚПЛ. 9-тур

«Қызыл-Жар СК» — «Қайрат» 1:1 (0:1)

Голдар: Поляков 28 (0:1), Қасым 78 (1:1).

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Недавние статьи