«Қызыл-Жар» шабуылшысы Қырғызстан құрамасының қақпасын қорғап, командасымен жеңіске жетті

Наурызбай Сатжанов
11.06.2021
16:13
Новость
Футбол
«Қызыл-Жар» шабуылшысы Қырғызстан құрамасының қақпасын қорғап, командасымен жеңіске жетті

2022 жылғы Әлем Чемпионатына іріктеу турнирі аясында Қырғызстан құрамасы Мьянманы – 8:1 есебімен жеңді.

Мьянма – Қырғызстан – 1:8

Голдар: Хлайн Бо Бо 69 – Турсунали Рустамов 22, Гүлжігіт Алыкулов 29, Фархад Мусабеков 34, Алимордон Шукуров 45, Мирлан Мурзаев 45+1, 61, 78, Абай Боколеев 63

«Қайраттың» жартылай қорғаушысы Гүлжігіт Алыкулов Қырғызстан құрама командасы сапында алаңға негізгі құрамда шықғып матчтың 57-ші минутында алаңдағы орнын босатты. Гүлжігіт бұл кездесуде бір гол және екі нәтижелі пастың авторы атанды.

Бір қызығы, қырғызстандықтардың қақпасын петропавлдық «Қызыл-Жардың» шабуылшысы Эрнист Батырканов күзетті. Мұның себебі, матч өткен Жапония билігі Қырғызстан құрамасының үш бірдей қақпашысы коронавирустық инфекцияға қатысты ережелер бойынша Мьянмамен ойынға қатыстырмауынан болды. Батырканов матч аяғына дейін қақпашы рөлін атқарды және қарсыластардың бірнеше қауіпті соққыларына лайықты тойтарыс беріп отырды. Ол өз қақпасына бір ғана гол жіберді.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.