Құрбан Бердыев «Базельге» қарсы ойын алдында өз ойымен бөлісті

Маргулан Жакып
24.11.2021
17:24
Новость
Футбол

«Қайрат» бас бапкері Құрбан Бердыев «Базельге» қарсы матч алдындағы баспасөз мәслихатында жергілікті БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

— «Базельмен» болған матчты бақылап, екі түрлі тайм көрдік. Осы екі тайм бойынша талдау жасалған болар. Қарымта ойынға жоспарыңыз қандай?

— Аздап тақырыптан ауытқып, Вагнерге «Қайратқа» қосқан үлесі үшін алғыс айтқым келеді. Ол чемпионаттың алтын жүлдесін жеңіп алуға септігін тигізді. Мен Вагнер Ресей чемпионатының тарихындағы ең мықты легионер деп ылғи айтамын. Көптеген жылдар бойы үздік сұрмерген болу өте қиын. Мұндай ойыншылар жанкүйерлерді қуантады және бұл жастарға үлгі болады. Бұл ұзақ және жоғары деңгейде ойнауға ынталандырады. Вагнер ойын не жаттығу болсын белгілі бір деңгейден төмендемейді. Оның генетикасы күшті және ол тағы екі-үш жыл ойнай алады.

Сұраққа келетін болсақ, Базельдегі бірінші тайм таңғаларлық «соққы-гол, соққы-гол» болды. Екінші таймда біз белсенді ойнадық, соның арқасында ойынды теңестірдік. «Базель» – Чемпиондар лигасының командасы. Маған олардың шабуылдаушы ойыны ұнайды. Оларға қарсы әрекет ету өте қиын.

— Ертең және жексенбіде ротация бола ма?

— Ротация болады, себебі «Карабахтан» кейін жігіттер «Астанаға» қарсы өткен кубоктік ойында шаршаңқы көрінді.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!